Оркестр тарихы

«Халықтың осы оркестрге деген шексіз махаббаты, музыка әлемінде ойып орын алған бедел-абыройы – бұл күллі ұжымның тер төккен еңбегінің жемісі.»
– АХМЕТ ЖҰБАНОВ, 1958 ж. –

Бүкіл әлемде ұлттық музыкалық өнер ұйытқысы болған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестріне бүгінгі таңда 80 жыл толып отыр.
Бұл оркестр Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі  тұңғыш оркестр.  Ол бүкіл әлемге қазақ халқының музыкалық өнерін, бірегей қазақ музыкалық аспаптарын және дала әуенімен сұлулығын танытқан оркестр.
Бұл оркестрдің тарихи тамыры 1934 жылдың 23 сәуір күнінің ҚазССР Ағарту халкомы №425 бұйрығы бойынша Ахмет Жұбанов оркестрдің дирижері мен көркем жетекшісі болып тағайындалған кезден бастау алады.
Домбыра ансамблі 1934 жылдың 1 маусымында халық өнерінің қайраткерлерімен бірге өткізілген 1 Бүкілқазақстандық слетінде өзінің бірінші өнер жолын бастады.
Бұл слеттің нәтижесі бойынша мынадай Қаулы қабылданды: «Ағарту халкомы халық өнерінің бірінші слетіне қатысқан қайраткерлерден колхоз, совхоз және өндірістік қауымдастықтарға қызмет етуде ұлттық аспаптармен ұлттық оркестр құрылсын. Оркестрдің еңбекақысын мемлекеттік бюджетке енгізу».
Бұл Қаулыға жауап ретінде, республика Ағарту халкомы 1934 жылдың 25 маусымында №220 Жарлық шығарды: «25 маусымнан бастап музыкалық-драмалық техникумында КазОАК атындағы 1-ші қазақ ұлттық оркестр құрылды деп саналсын».
Оркестрдің триумфальды қойылымдары 1936 және 1958 жылдары КСРО Союзының Үлкен театрында 2-ші қазақ өнерінің онкүндігінің қорытынды концертінде, 2006 жылы оркестрдің негізін салған Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына арналған Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінің Үлкен Залында, Европа, Америка, Қытай Халық Республикасы, Қазақстан және БҰҰ елдерінің ірі қалаларында болған гастрольдік концерттерде болып өтті. 1953 жылы Бухарестте (Румыниялық халықтық республика) Шамгон Қажығалиевтың жетекшілігімен бұл оркестр демократиялық жастар және студенттердің Бүкіләлімдік IV фестивалінің лауреаты атанды және алтын медалмен марапатталды.

1944 жылы құрылғаны 10 жыл толуына орай оркестрге әйгілі күйші Құрманғазы аты берілді, 1967 жылы – «ҚР еңбек сіңрген ұжымы» құрметті атақ берілді, 1978 жылы – Академиялық оркестр,  ал 1984 жылы Оркестр «Халық достығы» орденімен марапатталды.
Әр жылдары оркестр құрамында қазақ өнерінің әйгілі музыканттары – оркестр шежіресінде есімдері алтын әріптермен жазылған орындаушылар мен дирижерлар еңбек етті.
Солардың ішінде ерекше орынға, күмәнсіз, Оркестрдің ұйымдастырушысы, бірінші көркем жетекшісі, басты дирижері –  Қазақстанның халық артисті, композиторы, академик, профессоры Ахмет Қуанұлы Жұбанов ие. Оның дирижерлік орнын басқан КСРО халық артисі, мемлекеттік премиялардың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, профессор Шамгон Қажығалиев болды.
Қазіргі таңда әйгілі оркестр ұжымында шамамен 80-ге жуық өнерлі музыканттар еңбек етуде, солардың ішінде жас өнерлі дирижер Арман Жүдебаев, олардың әрқайсысы біздің Қазақстанымызды әр түрлі сайыстарда көрсете алатын дәрежеде.
Оркестрдің репертуарлық қорында 4000-нан аса туындылар бар.
Бұл Қазақ музыкалық Олимпінің шыңында тұрған әйгілі күйші Құрманғазы атындағы біздің ұлы Оркестр әрқашан белгілі ата-бабаларымыздың тарихи тамырларын ұмытпай, салт-дәстүрін жалғастыра отырып жаңа өнерлі жетістіктерге жетуге мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетеді.
Болашақта ұлы оркестр ұжымы жаңа толықтырулармен ұлттық өнер мен мәдениеттің шарықтап гүлденуіне, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әдішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге асыруына мақсатты түрде ат салысады.