Басқару құрамы (Директор, директордың орынбасары)

nurgisa-d

Дауешов Нұрғиса Мұратұлы –  
Oркестр директоры

1985 жылы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000-2004 жылдары аралығында Құрманғазы атындағы саз колледжінде домбыра   мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында Дәулеткерей атындағы ұлт аспаптар оркестрінде бастаған. Білімін 2004-2008 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында мамандығы бойынша жалғастырады.

2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестіне домбырашы болып қызметке қабылданады. 2009-2013 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынында оқытушы қызметін қатар атқарады. 2012-2014 жылдар аралығында аталмыш оқу орнының академиялық деңгейдегі «Өнертану магистрі» ғылыми дәрежесін алады. 2013 жылдан күні бүгінге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.

Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты, өнертану магистрі. 2011 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен, 2015 жылы Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойына арналған медальмен марапатталған. 2017 жылы “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” атағына ие болды.

Ешмұханов Махамбет Ашхатұлы- 
Директордың орынбасары

1978 жылы 12 қазанда Батыс Қазақстан облысында  дүниеге келген. 2002 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясын «Контрабас» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде контрабас тобының әртісі болып бастаған. 1998-2018 жылдар ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде контрабас тобының жоғары категориялы әртісі қызметін атқарып, 2017 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде директордың орынбасары қызметін атқарып келеді.

Мәдениет саласындағы табысты қызметі үшін 2016 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Дирижерлар құрамы және көркемдік жетекші

Тлепберген Абылай – 
Бас дирижер

2018 жылдың  қазан айынан бастап күні бүгінге дейін оркестрдің бас дирижері қызметін атқарып келеді.

Республикалық және Халықаралық конкурстардың бас жүлдегері. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

janas

Бекентұров Жанас – 
Дирижер

 1952 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы, Қарағаш ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1972-1973 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ақши ауылында клуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 1973-1977 жылдар аралығында М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық училещесін үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында білімін толықтырады. Жоғары оқу орнын 1982 жылы домбыра-тенор мамандығы бойынша бітіріп, концерттік орындаушы, оқытушы, халық аспаптары оркестрінің дирижері квалификациясы қатар беріледі. 1980-1992 жылдары Құрманғазы оркестрінде домбыра тобында артист, 1992-1993 жылдары дирижер қызметін атқарады.1993-2000жылдары Қыздар педагогикалық институтында халық аспаптары кафедрасының аға оқытушысы, ал 2000 жылдан бүгінге дейін дирижер қызметін атқарып келеді.

2001 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы меделімен, 2008 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.

erkebulan

Мүсіреп Еркебұлан Саламатұлы – 
Көркемдік жетекші

1946 жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Тастыөзек ауылында дүниеге келген. 1972 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесіне оқуға түсіп, сырнайшы және халық аспаптары оркестрінің дирижері мамандықтарын иеленген. Осы жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі құрамына қабылданады.

1976-1980 жылдары Ленинград пен Москва қалаларының жоғары өнер мектептептері мен институттарын оқып бітірген. Республикамызға белгілі «Гүлдер» ансамблінің директоры, «Қазақконцерт» бірлестігінің нұсқаушы директоры қызметтерін атқарған.1991 жылдан 2013 жылға дейін оркестр директоры қызметін атқарып, 2013 жылдан күні бүгінге дейін оркестрдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарады.

Ерен еңбегі үшін 1994 жылы ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасымен, 2003 жылы Президенттің Жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Артистік құрам

     1-ші домбыра

  • Мықтыбаев Батыржан
  • Хамзин Бейбарыс
  • Сарсенов Рахат
  • Егізбаев Жалғас
  • Баймұхатов Руслан
  • Сатпай Қадыршат
  • Жұмабаев Мирасхан
  • Дәрменов Мәлік
  • Алиев Біржан

     2-ші домбыра

    • Құрманқұлов Шыңғыс
    • Алина Асел
    • Ахатов Асылбек
    • Сейтенова Қарлығаш
    • Ақжолова Сағадат
    • Тілепберген Мақсат
    • Тажбенов Жұбатқан
    • Ташпенов Дәурен

Домбыра прима тобы

    • Сабырғалиева Сания
    • Битешов Рафаель
    • Скаков Ермек
    • Садуақасқызы Асыл
    • Оразбақов Қажымұқан
    • Абылқасымова Нұргүл
    • Рахимова Айнұр
    • Сралиева Гүлнұр

 

Домбыра контрабас тобы

    • Шарипов Еркін
    • Алимжанов Бауыржан
    • Ғазиз Алтай
    • Тұрлыбеков Таир

Бас домбыра тобы

    • Джумабаев Әсет
    • Алияров Дәурен
    • Айсын Жексен
    • Әлімбай Дәурен

Бас –қобыз тобы

    • Жылқышинова Асел
    • Анарова Ботагөз
    • Атушева Айжан
    • Дүйсенбаев Бақытжан
    • Уалиева Жансая
    • Кияпершева Тамина

Қыл –қобыз тобы

  • Итекеева Ардақ
  • Қаламбаева Құндыз
  • Ақанаева Меруерт
  • Жұрбай Ақайша

1-ші қобыз

  • Адилова Айнагүл
  • Казиева Индира
  • Рақымжан Асел
  • Ильясова Айгүл
  • Камитова Жұмақыз
  • Саметова Гүлнар
  • Қабдымананова Анар
  • Сенбиева Гүлбақыт
  • Ибатова Шынар
  • Жұрбаева Алтынай
  • Балтина Шынар
  • 2-ші қобыз

    • Мирбекова Дина
    • Сапашева Айна
    • Мазова Ләйлә
    • Боқашева Гүлжан
    • Оразалиева Ботагөз
    • Қажғалиева Жаңылсын

    Альт-қобыз тобы

    • Уразгалиева Ритта
    • Уразбаева Гүлдариға
    • Қуандыкова Сауле
    • Күншығарова Айнұр

    Қобыз – контрабас тобы

    • Төлегенов Нұрлан
    • Ешмұханов Мухамбет
    • Амзеев Елжас
    • Ахметов Алтынбек

    Шертер тобы

    • Джумашева Эльвира
    • Түлкібаева Гүлзира
    • Ануарбек Хавира

    Флейта тобы

    • Алимбаева Асель
    • Бегендикова Айжан

    Гобой тобы

    • Адамова Елена

    Ұрмалы аспаптар тобы

    • Ерболат Әділ
    • Қанапиянов Сейтмұхамбет
    • Қанапиянов Тимур

    Баян тобы

    • Жақиянов Әділет
    • Қонысбеков Мейрамбек