Астанада наурыз мерекесін тойлау басталды

13.03.2019ж.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өтіп, «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік жобасын ұсынды.
Мерекелік шараға әлеуметтік деңгейі төмен көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
«Ұлыстың ұлы күні» іс-шарасы теңдессіз жоба шеңберінде қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындардың, ақындар айтысын, халық әуендеріне құрылған ән шашу мен күй тартыс сынды ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін тамашалады. «Қазақстан» концерт залының үлкен сахнасы мен фойесінің декорациялары ерекше сән-салтанатпен безендірілген киіз үй үлгісінде ұсынылды. Балалар Ер Төстік, Алдар көсе, Шықбермес Шығайбай, Тазша бала сынды қазақтың аңыз-ертегілеріндегі кейіпкерлердің жаңа образдары ұсынылатын театрландырылған көріністі тамашалауға мүмкіндік алды. «Қазақконцерт» ұйымында өткен шарадағы ән-шашумен қатар, балаларға басты мерекелік тағам – Наурыз көже таратылды, арнайы дайындалған сыйлық ұсынылды.
Мерекелік шара соңында қонақтарға қазақ эстрадасының танымал жұлдыздарының қатысуымен өтетін, «Ұлыстың ұлы күні» атты концертке 400 билет сыйға тартылды.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өтуді ұсынған болатын.
«Заман талабына сай Наурыздың форматын түбегейлі өзгерту қажет. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше. Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныштылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек» деп атап өтті.
Министр бұл мерекені балалардың көз қуанышына айналдырып, оқушылардың үшінші тоқсандық демалысын наурыз мерекесіне үйлестіру, Наурыздың атрибуттық белгісі, эмблемасы һәм символикасын бекіту, осы мейрам аясында тал егу, көрісу, т.б құндылықтарды дәріптеу, мерекені заманауи ұлттық киімдермен қарсы алу, т.б керектігін алға тартты.

53397857_2015105171921790_6637341639176093696_o

Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді

12.03.2019ж.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрліктермен және ведомстволармен, “Атамекен” ҰКП бірлесіп, туристік қауымдастықтардың қатысуымен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және оған ілеспе заң жобасы әзірленді. Бұл жөнінде бүгінгі өткен Қазақстан Үкіметінің отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
Екі құжатта АҚШ, Канада, Франция, Испания, Түркия, Араб Әмірліктері, 10 туристік державаға кіруге мүмкіндік беретін 10 стратегиялық шараны қамтиды.

“Еуроодақ, Австралия, Таиланд, Сингапур және ТМД – ның кейбір елдері-Ресей, Беларусь, Грузия елдерінің тәжірибесі бойынша 2022 жылдан бастап “Tax Free” енгізуді ұсынамыз. Осындай шаралардың арқасында көптеген дамыған елдер сауда айналымын ғана емес, шопинг-туристердің ағынын да ұлғайтты. “PremierTaxFree”, “GlobalBlue”, “InnovaTaxfree” сияқты операторларды тарту мүмкін болатын өтеу республикалық бюджеттен тек Қазақстанның Астана, Алматы және Шымкент ірі әуежайларында ғана жүзеге асырылатын болады” деп атап өтті министр.

туризм

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

19.02.2019ж.

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Министрлік басшыларының, комитет төрағаларының, департамент директорларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен ведомстволық жиналыс барысында мемлекеттік органның 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланды.

Отырысты ашқан министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігі қызметінің негізгі бағыттары «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында белгіленгенін атап өтті.

«National Geographic», «BBC World news», «Discovery», «Viasat History» жетекші әлемдік арналармен бірлесіп, әлемдегі тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау және көпшілікке тарату үшін Қазақстанның киелі объектілері туралы толық метражды тарихи деректі фильмдер циклі шығарылды және эфирге шықты («Күлтегін. Жаңа көзқарас», «Қожа Ахмет Ясауи және Айша бибі мавзолейлері», «Көшпенділер жері» және т.б).

2019 жылы «Ботай», «Тенгриан күнтізбесі», «Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы» және т.б. сериялары іске қосылады.

Сонымен қатар, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Франция, Австрия, Қытай жетекші мұражайларының Алтын адамның Дүниежүзілік шеруінің қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу фильмдерінің циклі мен Алтын жауынгер туралы толық метражды анимациялық фильм шығарылады.

Тарих ескерткіштерінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.Өткен жылы 3 республикалық «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» қорық-мұражайы ашылды,«Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» мұражай-қорықтарында визит-орталықтардың құрылысы басталды.

Ведомство ұлттық киноның дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстан тарихындағы алғашқы «Кинематография туралы» Заңға қол қойды.Барлық киноқауымдастық үшін және барлық қазақстандықтар үшін бұл тарихи оқиға болды.Біз барлық прогрессивті әлемде киноөнер – қоғамның дамуына және қоғамдық сананың қалыптасуына ықпал ете отырып, орасан зор әлеуметтік және идеологиялық әсерге ие екенін жақсы түсінеміз.Екіншіден, қазақстандық киноны жаппай прокатта ілгерілетуге жәрдемдесетін және оның шетелдік фильмдер алдында басымдығын қамтамасыз ететін және үшіншіден, Ұлттық киноға әлемдік киноға шығуға мүмкіндік беретін заң қабылданды.

Министрлік Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, оның негізгі мақсаты елдің спорттық өмірін жандандыру болып табылады.

Қазақстан ТМД елдері мен Балтық өңірі арасында Пхенчхан қаласында өткен XIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ең көп лицензия алды-57,Ресейден кейін екінші болды.Тамаша фристайлшы Юлия Галышева біздің құрама атынан Қазақстан үшін осы спорт түріндегі алғашқы олимпиадалық қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, шаңғы жарысынан бірінші рет алтын медальді паралимпиадашы Александр Колядин жеңіп алды.

«Әрине, біз үлкен нәтижелер күттік, алайда біз жас спортшыларымызды басты назарда ұстаймыз – Пхенчханадағы ұлттық құраманың құрамы алдыңғы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда ең жас құрам болды. (ең жас Аяулым Амренова мен Жолдас Аян 16 жаста).

Егер салыстыратын болсақ, ең мықты қысқы спорт түрлері бойынша 30 елдің қатарына кіретін Австрия, Норвегия, Финляндия сияқты елдерге қарағанда Қазақстан жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша тұрақты нәтижелер көрсетіп отыр. Сондай-ақ, министр А. Мұхамедиұлы Индонезияның Джакартадағы Жазғы Азия ойындарында спортшыларымыз табысты өнер көрсеткенін атап өтті.

Министрлік қызметінің басым бағыты тілдерді дамыту саласындағы жоспарлы жұмыс болып табылады.

Отырыс соңында 2019 жылғы жұмыс перспективалары анықталып, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

img_4063_6502