Құрманғазы оркестрі Испанияға барады.

5

Құрманғазы оркестрі биыл Испанияға гастрольдік сапармен барады. Бұл туралы оркестр директоры Нұрғиса Дауешов айтты. Концерттік бағдарламаға қазақ халқының төл шығармалары мен әлемнің классик композиторларының туындылары кіреді. Қазір ұжым дайындық үстінде. Сондай-ақ Нұрғиса Дауешов күйшілерінің «Ән жүрегім – Астана» атты жаңа жобамен елорданың 20 жылдық мерейтойында өнер көрсететінін де мәлімдеді. Осы күндері Құрманғазы оркестрін әлемге танытқан Шамғон Қажығалиевтің апталығы өтіп жатыр. Оның аясында атақты дирижерге арналған көрмелер мен концерттер өткізілді. 1969 жылы қазақ күйшілерінің туындылары жазылған диск қайта өңделіп, «Алатау» атты сериямен жарыққа шығып, партитуралар жинағы басылды. Нұрғиса Дәуешов, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры: – Қазақстанның әр түкпірінде қазақтың жүздеген оркестрлері бар. Бұрынғы біздің балаларымыз салған күйлерімізді әртүрлі бағытта қазір өзгертіліп кетеді. Бұл өзгертілген күйлер оның бояуы өзгертіліп болашақта ол өзінің ұлттық бояуын жоғалту мәселесі бар. Сонлдықтан осы «Алатау» атты партитура жинағы кезінде Ахмет Жұбанов, Шамғон Қажығалиевтердің, Нұрғиса Тілендиев ағаларымыздың қалдырған мұрасын түпнұсқада сақтау мақсатында жасалып отыр.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/224264-rman-azy-orkestri-ispaniya-a-barady