Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.

33a7f4b11b27c7c09ea0ae00a5ae205d_l

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына биыл – 200 жыл. Бұл ЮНЕСКО күнтізбесіне енді. Мерекелік бағдарламалар Алматыдағы Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайынан бастау алды. Онда Құрманғазының домбырасы мен шапаны, тұтынған заттары қойылған көрме ұйымдастырылып жатыр. Енді көне аспаптар концерті өтеді. Күйші баба жерленген Ресейдің Астрахань облысынан келген қонақтар халық аспаптар мұражайына Құрманғазы мен оның шәкірті Ерғали Есжановтың домбырасының көшірмесін сыйлады. Айта кетейік, күйшінің мерейтойы жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірінде тойланады. Нұрғиса Дәуешов, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің директоры: – Аспап мәңгілік, оны орындаушылар бұл өмірде жоқ. Сол аспаптарды жандандыру мақсатында екі ұжымның арасындағы бірлестікті нығайтып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алдымызда төл өнерімізге қатысты үлкен жоспарларымыз бар.

 

 

http://24.kz/m/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/232018-almatyda-rman-azyny-200-zhyldy-yna-oraj-k-rme-jymdastyryldy