ДИРИЖЕР ШАМҒОН ҚАЖЫҒАЛИЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

2

Қазақ музыка өнерінің тамыршысы Ахмет Жұбанов оның орындаушылық шеберлігіне, теориялық терең біліміне, мұнтаздай мығым, қылаудай мінсіз ойы мен бойына да тәнті болды. Өз перзентіндей оркестр тағдырын аманат ету сәті туғанда сеніммен Шамғонды таныды. Шамғон Сағаддинұлы 1927 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында дүниеге келді. Дирижер, профессор 1950 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының Халық аспаптар факультетін, ал 1964 жылы Ленинград консерваториясының опера-симфония дирижері факультетін бітірді. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің, Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жағын басқарушы бас дирижері қызметін атқарды. Қажығалиев оркестр музыканттарының ансамбльдік-орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыкасы аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті. Сондай-ақ оркестр репертуарын әлемдік классика шығармаларымен толықтырып, эстетикалық тәрбие беруге зор үлес қосты. Оркестр қобыздың, домбыраның үні арқылы қазақтың байтақ даласын биік тауларын көз алдыңызға келетін «Сары арқа», «Адай», «Серпер», «Алатау» және өзге де күйлерді үлкен шеберлікпен орындап, қазақ халқын әлемге танытты.   Биыл дирижер өзі бойтұмары санаған «Алатау» күйінің атауымен партитуралары жарыққа шықты.

 

Gulnar Aizhanova

http://kaztrk.kz/news/portal/dirizher-shamgon-qazhygalievtin-omiri-men-shygarmashylygy-111343