Құрманғазы оркестрі қоныс тойын тойлады!

dsc_9960

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі №07-03-19/3562 бұйрығына сәйкес «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы қаласы, Абылай хан даңғылы  83 мекенжайы бойынша орналасқан бұрынғы «Қазақконцерт» ғимаратына көшті.

dsc_9182a

Осыған орай  бүгін Құрманғазы оркестрін салтанатты түрде «Қазақконцерт» ғимаратына көшіруге байланысты  Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың  қатысуымен оркестр ұжымы және зиялы қауым өкілдерімен жиын өтті.

Ақтоты Райымқұлова: (Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі)

– Мәдениет және спорт министрлігінің атынын оркестр ұжымын жаңа ғимаратымен құттықтаймыз. Бұл тарихи сәт  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында және күй атасы Құрманғазы бабамыздың 200 жылдық мерейтойына қарсаңына тұспа-тұс келіп отыр. Бұл мемлекетіміздің  мәдениет пен өнерге жасаған қарқорлығы.   Енді оркестр ұжымынан жоғары деңгейдегі шығармашылық жетістіктер күтеміз.

Нұрғали Нүсіпжанов: (Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты)

dsc_9208a

– Құрманғазы оркестрі штатында 20 жыл қызмет еттім. Көптеген елдерде гастрольдік сапарда болдым. Оркестрдің жаңа ғимаратқа орналасуы оркестрдің өз тұғырына қонған сәті деп есептеймін. Қазақ өнерінің өркендеуіне, дәстүрінің бір сәтке толастамауына бәріміз қызмет етуіміз керек. Оркестр өзінің биігінен түспесін. Қазақ өнеріне осындай мүмкіндік жасап жатқан Мәдениет министрлігіне алғысымыз шексіз.

Алтынбек Қоразбаев: (Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты)

– Құрманғазы оркестрінің осы ғимаратқа көшуі, оркестрдің бүгінгі деңгейіне сәйкес келеді. Оркестр ардагері ретінде оркестрдің бүгінгі тыныс-тіршілігі бізді қуантады. Аты әлемге танылған қарашаңырақтың тарихи тамыры бар «Қазақконцерт» ғимаратына орналасуы құптарлық іс. Ұжымның алар асуы биік болсын.

Нұрғиса Дауешов: (Құрманғазы оркестрінің директоры)

– Ұжым атынан Елбасына, Мәдениет және спорт министрліне алғысымызды жеткіземіз. Құрманғазы оркестрі еліміздің  кәсіби музыка тарихындағы тұңғыш оркестр. 1934 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастауымен құрылды. Оркестр  тарихында Шамғон Қажығалиев, Нұрғиса Тілендиев, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Қаршыға Ахмедияров, Тұяқберді Шәмелов, Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев сынды елімізге белгілі өнер тұлғары қызмет етті. Бабаларымыздың жолымен  өнер ұжымы «Қазақконцерт» ғимаратына орналысып жатыр. Үлкен концерттік зал оркестр ұжымына тың серпіліс, шығармашылық даму алып келеді деген сенімдеміз. Ұлттық өнерімізге осындай жағдай жасап жатқан Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, қазақ өнерінің даму жолындағы еңбегіміз жемісті болсын.

Ляйля Мазова: (Мәдениет қайраткері, оркестр ардагері)

– Ұжымды жаңа қонысымен құттықтаймын. Оркестр ұжымының шығармашылық тұрғыдан өсуіне мүмкіндік жасап жатқан Мәдениет және спорт министрлігіне әріптестерімнің  атынан алғысымды білдіремін.

Жиын соңыңда оркестрдің шағын құрамы Құрманғазы бабамыздың «Сары арқа» күйін және Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз оркестрдің сүйемелдеуімен Н.Тілендиев «Сарыжайлау» әнін орындады.

 

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/orkestr-imeni-kurmangazyi-otmechaet-novosele-zdanii-344503/