“Домбыра ғұмыр” күйшілер сериясы – Әзидолла Есқалиев

035

“Домбыра ғұмыр” күйшілер сериясының бүгінгі кейіпкері – Әзидолла Есқалиев (1934-2017ж.ж) дәулескер күйші, Қазақстанның халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері. 1958-1962 ж.ж Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптары оркестрінде қызмет етті. 1962 жылдан бастап Қазақ ұлттық консер­ваториясында ұстаздық еткен дүлдүл домбырашының Қ.Ахмедияров, А.Жайымов, А.Үлкенбаева, Қ.Қо­жабаев, У.Ғұбайдуллин сынды шәкірттері –халықтың жүрек төрінен орын алған, белгілі өнер иелері. 2009 жылдан күні бүгінге дейін Атырауда жыл сайын Әзидолла Есқалиевтың «Алтын домбыра» атты респуб­ли­калық күйшілер сайысы өткізіліп келеді.