“Домбыра ғұмыр” күйшілер сериясы – Қаршыға Ахмедияров.

043

“Домбыра ғұмыр” күйшілер сериясының бүгінгі кейіпкері – Қаршыға Ахмедияров. Дәулескер күйші 1967-1994 жылдарда Құрманғазы оркестрі құрамында домбырашы, кейін­нен концертмейстр, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Тыңдарман қауым «Күй қаршығасы», «Саңлақ күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп құрметтейтін Қаршымбай Ахмедиярұлы гастрольдік сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болды. Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедияровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

Фото Құрманғазы Оркестрі.