Құрманғазы Оркестрінде кәсіподақ ұйымының жылдық есебі тыңдалынып, дамыту жоспары талқыланды

DSC_0487

Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерттік залында бастауыш кәсіподақ ұйымының  есеп беру –сайлау жиналысы болып өтті.

Жиналысқа оркестрдің әртістері және әкімшілік бөлім қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлбақыт Сенбиева 2018 жылы атқарылған жұмыс бойынша баяндама оқып, жылдық есеп берді.

«Кәсіподақ комитетінің отырысы жыл сайын ұйымдастырылып тұрады», – деп атап өтті Гүлбақыт Сенбиева, – Отырыстарда әр түрлі сұрақтар қарастырылады, мысалы, сыйлықтар сатып алу, спорттық, мәдени, қайырымдылық іс-шараларды өткізу, қаржылай көмек көрсету сұрақтары талқыға түседі. Айтып өтетін мәселе, 2018 жылы қаржылай көмек бірнеше кәсіподақ мүшелеріне берілді».

Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы бойынша Оркестр директоры Нұрғиса Дауешов те өз пікірін білдірді: «Соңғы жылдары елімізде кәсіподақ ұйымдарына көп назар аударылуда, оркестрдің кәсіподақ ұйымы өте жақсы деңгейде қызметін атқарып келеді, бұл жерде оркестр ұжымына да алғысымды білдіргім келеді»,- деп айтып өтті ұжым басшысы.

Жиналысқа  қатысушылар оркестрдің кәсіподақ ұйымының қаржылай – тұрмыстық саласы бойынша қорытынды есебімен танысып, алдағы уақытқа даму жоспарын талқыға салды.