Құрманғазы Оркестрі Жастар жылының ашылуын қолдады

2

Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысқан  Жастар жылының ашылу рәсімін тікелей эфирде тамашалады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстанның жаңа буын өкілдері – мемлекетіміздің ең үлкен жетістігі, Елбасы еңбегінің үлкен нәтижесі» деп айтып өтті.

Тікелей эфир көріп болғаннан кейін, оркестр ұжымы Мемлекет басшысы атап өткен жастардың дамуына бағытталған шараларды талқыға салды.

«Елбасы өз сөзінде жас қазақстандықтардың болашағы мен бүгіні үшін қажетті жағдайлар жасалынатынын атап өтті. Нақты айтқанда, жалға берілетін тұрғын үйлердің салынуы, жас ғалымдарға оқу гранттарының көптеп бөлінуі, жас кәсіпкерлерді қолдау қорын құру, жоғарғы білім алудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру, жастарды жұмыспен қамту – осының барлығы жастардың дамуы үшін берілген жаңа мүмкіндіктер болып табылады», – деп өз пікірін білдірді оркестр директоры Нұрғиса Дауешов.