Оркестр директоры Мәскеуде Қазақстан елшісімен кездесті

c86b5244-8521-4506-9f36-4f6a22dce907

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында үстіміздегі жылы Құрманғазы оркестрінің Ресей Федерациясына (Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары) гастрольдік сапары жоспарланып отыр.

Осы орайда, аталған гастрольдік сапарды ұйымдастыру үшін бүгін оркестр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Нұрғиса Дауешов  ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали  Тасмағамбетов мырзамен кездесті.