“Қазақ – қырғыз тартуы” концерті өтті

DSC_0195

31 қаңтар күні Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында және Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойы аясында өнерсүйер қауымның көңілінен шыққан концерт өтті. «Қазақ-Қырғыз тартуы» деп аталған өнер кешінде Қырғыз Республикасының халық артисі, Қырғыз Республикасы үкіметінің Мемлекеттік сыйлығының иегері,  профессор, танымал дирижер Бактыбек Тилегенов дирижерлік етті.

Бауырлас екі елдің ынтымағы мен достығын нығайтуға арналған кеш барысында Қазақстан, Қырғызстан және шетел композиторларының үздік туындылары ұсынылды. Атап айтқанда, Құрманғазының күйі «Балбырауын», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі», Винченцко Кьяраның «Испанское болеро», Токтогул Сатылгановтың «Мың-қиял», Нұрғиса Тілендиевтің «Бауырлаштарым», Витторио Монтидың «Чардаш», Иоганнес Брамстың «Венгер биі», Ахмет Жұбановтың «Тәжік биі», Арам Хачатурянның «Бал Маскарад»,  Әли Алпысбаевтың «Экспромт», Шекербек Шеркуловтың «Эргиме», Георгий Свиридовтың «Тройка и вальс» және басқа да әйгілі сазгерлердің туындылары жоғары деңгейде орындалып, халықтың ықыласына бөленді.

Кеш соңында Құрманғазы оркестрі директорының орынбасары Махамбет Ешмұханов дирижер Бактыбек Тилегеновке зор алғысын білдіріп, қазақтың салтымен иығына шапан жауып, сый-сыяпат көрсетті. Қырғыз өнерпаздарына белгілі дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрова да өзінің ақ тілегін жеткізді.