«Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі бастау алды

Мыктыбаев

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай, Семей қаласында «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі бастау алды.

Фестивальге еліміздегі ең танымал 13 дәстүрлі әнші және күйшілер қатысты. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы оркестрінің бас концертмейстрі – Батыржан Мықтыбаев та болып, өнер көрсетті.

Қатысушылар Семей қаласынан кейін Павлодар жерінде болып қайтпақшы, бұл фестиваль алда 15 қалада ұйымдастырылады.