Құрманғазы Оркестрінің 85-жылдығының негізгі іс-шаралар жоспарына орай, оркестр директоры,Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дауешов Санкт- Петербург қаласының Мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары Александр Воронкомен кездесті.
Іс-шара барысында Санкт-Петербург қаласының мәдени ұжымдарымен алдағы уақытта байланыс орнату сұрақтары талқыланды.