Алматыда мәдениет өкілдері «Құрманғазы оркестрінің кубогы» үшін  бақтарын сынады

вол

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған волейболдан командалық жарыс 16 ақпан күні Кəркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде болып өтті.

Аталған жарысқа мәдени ұйымдар арасынан 10 команда қатысты: М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жасөспірімдер және жастар театры, ҚР Ұлттық кітапханасы, Құрманғазы Оркестрі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, К.Байсеитова  атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты,А.Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты және П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі.

Іс-шара барысында медициналық ұйымның өкілдері спорттық шеберліктерін көрсетті.

«Бүгінгі спорттық жарыстың басты мақсаты – мәдениет өкілдері арасында  салауатты өмір салтын насихаттап,  бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Сонымен қатар, жарыс Құрманғазы Оркестрінің 85-жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды»,- деп атап өтті Құрманғазы Оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов.

Нәтижесінде, «Құрманғазы оркестрінің кубогы» атты волейболдан турнирде бірінші орынды Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және жастар театры иеленді. Екінші орын – Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернаты алса, үздік үштікті  Ұлттық кітапхана түйіндеді.

Сонымен қатар, турнирге қатысушы командаларға «Үздік ойыншы», «Үздік төреші», «Ардагер ойыншы» сынды номинациялар берілді. «Үздік ойыншылар» – Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және жастар театрының актерлері Мақсат Сабитов пен Аида Жантілеуоваға және ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз хатшысы – Аян Жолдасовқа берілді. «Үздік төреші» – Евгений Маршебин болса, «Ардагер ойыншы» – А.Жұбанов атындағы музыка мектеп-интернатының директоры – Мырзахан Кадыров атанды.

Жарыс соңында қатысушы командалардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.