Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта аталып өтті

e070cf6b-5e18-42f2-89e4-837bb5d9c980

17 наурыз күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің бастамасымен «Ұлы даланың ұлы күні – Наурыз» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Театр алаңындағы ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мәдени ошақтардың Көрісуінен басталып, қазақ өнері жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен өз жалғасын тапты. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, ұлттық ойындар мен мерекелік-концерттік бағдарлама ұсынылды.

Атаулы шараға Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі қатысып, қонақтарды өнерлерімен тәнті етті.