Құрманғазы оркестрі Ресейде концерт береді

0

Бүгінгі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Ресей Федерациясына гастрольдік сапарға дайындалуда.

Әлемге әйгілі қазақ оркестрінің Ресей еліндегі алғашқы концерті 3 мамыр күні Мәскеу қаласында, атақты «Геликон-Опера» сахнасында өтеді деп жоспарланып отыр.

москва

Кеш бағдарламасында орыс халық әндері, қазақтың Құрманғазы, Түркеш, Үкілі Ыбырай, Нұрғиса Тілендиев сияқты аңыз тұлғалардың шығармалары, Евгений Брусиловский, Петр Чайковский, Василий Соловьев – Седой, Джоаккино Россини, Антонио Вивальди, Леонард Бернстайн, Луиджи Ардити сынды шетел композиторларының туындылары орындалатын болды.

Ұлттық өнер аспандайтын кеште – ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, қазақ өнерінің қайраткерлері Мирас пен Құралай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Кайрат Какимов, Сатжан Шаменов, Әсел Рахымжан және Әлібек Әлмадиев өнер көрсететін болады.

Ал, келесі концерт – 5 мамыр күні, Санкт – Петербург қаласында, әйгілі Михайловский театр сахнасында жалғасын табады.

ПЕТЕРБУРГ - 03 МАЯ