Құрманғазы оркестрі Ресей мен Қытай елдерінде концерт беріп қайтты

фото Стас Левшин (54)

Ағымдағы жылдың мамыр айында, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен және 85 жылдық мерейтой аясында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі Ресей Федерациясы: Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларына, Қытай Халық Республикасы: Пекин қаласына және Батыс Қазақстан облысына гастрольдік сапармен барып қайтты.

7e5d5b8d-21d8-4671-a936-fa05283778c0

Гастрольдік концерттер ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті» бағдарламасын жүзеге асыру және елдердің ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында өтті.

74455e9d-ca0d-4ef4-aafa-b903fd60390c

8d384a54-5820-4cd4-be60-87c5027812ab

«Ұлы даланың әуендері» деп аталған гастрольдік концерттің алғашқысы Ақтөбе қаласынан бастау алды. Содан кейін, Ресей елі- Мәскеу қаласында, 3 мамыр күні,  «Геликон-Опера» сахнасында жалғасын тапса, келесі концерт 5 мамыр күні Санкт-Петербург қаласы, Михайловский театрда өтті. Сонымен қатар, оркестр 6 мамыр күні Санкт- Петербург қаласында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішінің ашылу салтанатында өнер көрсетті.

25264026-7012-4010-a26c-3b09630646a0

0d6fed9f-f861-4a15-8258-3a9d94ebfc54

7500ad8e-1f0f-4355-a83d-9fc63fb9d5b0

Ресейден кейін Оркестр Батыс Қазақстан облысының аудандарында гастрольдік концерттерін жалғастырды.

7d9089c1-bcdf-47e1-ae30-30f80b7e4636

Сонымен қатар, 16-22 мамыр аралығында, Құрманғазы оркестрі Қытай Халық Республикасы, Пекин қаласында өткен «Азия өркениеттерінің диалогы конференциясында» (Conference on Dialogue of Asian Civilizations) өнер көрсетіп қайтты.

cb356582-e0b4-466e-aa2a-fef3235d171b