Арыс. Біз біргеміз

817e2a08-eea6-463d-b33c-4f25e24123f8

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ұжымы Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты,қаланың жергілікті тұрғындарына азық-түлік, киім және басқа да керек-жарақтардан тұратын гуманитарлық көмек көрсетті. ⠀

65094780_2320060344934398_8154461286558597120_n
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; А.Жұбанов атындағы мектеп-интернаты, М.Әуезов театры; Орталық мемлекеттік арxив және т.б ұйымдар акцияда белсенділік танытты.

65451261_2320060574934375_5324389923703226368_n

Оркестр қызметкерлері автокеруенмен Шымкент қаласына жолға шықты.

Тағы бір атап өтерлік жайт, Құрманғазы оркестрінің ұжымы Арыс қаласының тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударды.