Ұлы дала шежіресін күймен шерткен Ұлттық оркестр салтанатты түрде 90-шы маусымының шымылдығын ашты.
🔸Мерейлі кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев, Қазақстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Расул Жармағамбетов және Азамат Малышев, Асел Рақымжан, Сатжан Шаменов, Еркеғали Қайырғазы өнер көрсетті.
🔹Сондай-ақ, ұлттық музыка өнерінде айшықты қолтаңбасы бар белгілі композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Төлеген Мұхамеджанов бүгінгі кештің басты қонақтарының бірі болды. Композитордың құрметіне орай оркестрдің сүйемелдеуімен «Махаббат бекеті» шығармасы орындалды.
🎭90-шы маусым құтты болсын, Ұлттық оркестр!