Биыл Ұлттық оркестрдің 90 жылдық мерейтойы аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылмақ.
________________________________
✨19 сәуір күні 90 жылдық мерейтойлық «Сарыарқа» атты кеші өтсе, 20 сәуір күні сағат 17.00-де Құрманғазы оркестрінің ғимаратында Ұлттық оркестрдің «Дирижерлер шеруі» ұйымдастырылмақ.
_________________________________
🎆 Шеруде 90 жыл ішінде оркестрге дирижерлік еткен оркестр қайраткерлері және шет елден келген арнайы қонақтар өнер көрсетеді.
💡 Дирижерлер:
Өзбекстанның халық артисі – Фарух Садыков, Қырғызстанның халық артисі – Бақыт Тілегенов, ҚР еңбек сіңірген артисі – Жалғасбек Бегендіков, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Жанас Бекентұров, Дүйсен Үкібай, Арман Жүдебаев, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген.