Бүгін, 30 мамыр күні, баршаңызды #OnerOnline жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирді тамашалауға шақырамыз!
1 Маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған онлайн концертте⤵️
Құрманғазы оркестрінің әртістері: ҚР Мәдениет саласының үздіктері Шыңғыс Құрманқұлов, Бибарыс Хамзин және Айжан Атушева, сондай-ақ, Республикалық конкурстардың лауреаттары Ботагөз Анарова, Әсел Әлімбаева және Жансая Уалиева өнер көрсетіп, сіздермен эфирде жүздесетін болады!
Желідегі қызыққа толы кешті өткізіп алмас үшін, әдеттегідей кешкі сағат 19.00-де #онлайнда болыңыздар!
Біз сіздермен жүздесуге асықпыз!