Құрметті Отандастар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Талай зобалаң мен зұлматтарды бастан өткерген Қазақ елі ХХ ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті.
⠀
Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан, тәуелсіздікке қол жеткізу кезеңінде төл рәміздеріміз дүниеге келген сәт ерекше орын алады.
Осы орайда, Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі.
Мұндағы мақсаты — көтерген туы мен елтаңбасының, әнұранының мазмұны жөнінен осы заманғы өркениетті мемлекет идеясына үндес рәміздер болып шығуы еді.
Мемлекеттік рәміздер — тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы. Рәміздеріміз ең ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ой дарытуға қызмет етеді.
Ардақты ағайын!
Көк туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен халқымыздың бақытты да бейбіт өмірі мәңгі болсын! Баршыңызға уақытша қиын кезеңді лайықты еңсеруге күш-жігер мен амандық тілеймін!
Құрметпен, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиев