Бүгін, 5 маусым күні, баршаңызды #OnerOnline жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирді тамашалауға шақырамыз!
Әдеттегідей кешкі сағат 19.00-де өтетін онлайн концертте⤵️
Құрманғазы оркестрінің әртістері: ҚР Мәдениет саласының үздігі Еркін Шарипов, Сейтмұханбет Қанапиянов, Ақтөре Ибрагимов, Тимур Қанапиянов, Еркеғали Қайырғазы және Асланбек Ылым
өнер көрсетіп, сіздермен эфирде жүздесетін болады!
Желідегі қызыққа толы кешті өткізіп алмас үшін, бізбен бірге #онлайнда болыңыздар!
Біз сіздермен жүздесуге асықпыз!