Төре күйлердің негізін қалаушы, «Бапас» атанған Даулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы және Дәулеткерей атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 20 жыл толуына орай Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының ұйымдастырумен «КҮЙ LIVE» атты республикалық домбырашылар конкурсы өтті.
Аталмыш байқауда Құрманғазы оркестрінің артисі, Республикалық конкурстардың лауреаты АҚЫЛБЕК БЕКТАСОВ 1-ОРЫН Лауреат атағымен марапатталды.
Құрманғазы оркестрінің ұжымы Ақылбек Болатұлын жеңісімен құттықтай отырып, отбасына амандық, зор денсаулық, шығармашылығына толағай табыстар тілейді!