2000 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде домбыра контрабас аспабында қызмет атқарып келеді.
Ғазиз Алтай Ғазизұлы, 1970 жылы 1ші шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылында дүниеге келді. Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектепті 1985 жылы бітірді.
1985 жылы Павлодар қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищеге, домбыра сыныбына түсіп, 1989 жылы аяқтап шықты.
1989 жылы Алматы қаласындағы Алматы Педагогикалық Институтына түсіп, 1994 жылы бітірген.
Еңбек жолым 1994 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық өнер мектебінде, домбырадан сабақ беруден басталды.
1997 – 1998 ж. Жамбыл аудандық Білім бөлімінің әдіскері қызметін атқарған.
1998 – 2000 жыл аралығында, Ұзынағаш ауылындағы Ш.Уалиханов орта мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарған
2000 жылдан бастап, қазіргі уақытта Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің әртісі болып қызмет атқарады.
2019 жылы «Мәдениет саласының үздігі» атағына иегері