Мекемеге конкурстық негізде – АҒА ЭКОНОМИСТ позициясына білікті маман қажет.

Лауазымдық міндеттері: 

  • Ұйымның еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығаратын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) сапасын арттыруға, оның өзіндік құнын төмендетуге, еңбек өнімділігін жақсартуға, аз материалды, еңбек пен қаржы ресурстары шығынымен жоғарғы нәтижелерге жетуге бағытталған экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді жүзеге асырады.
  • Жасасқан шаруашылық шарттарға сәйкес бәсеке жағдайында қызметтің перспективалық жоспарын құрастыру, олардың негізіне салынған жоспарлардың қажетті негіздеулер және есептерімен әзірлеу бойынша, сонымен қатар шаруашылық механизмді, экономикалық жұмысты жетілдіру, өндірістің резервтерін пайдалану бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жасау бойынша ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және әдістемелік басқарады.
  • Ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру, олардың негізделуінің жоғарғы деңгейіне жету бойынша, жоспарлауды, тауарлы-материалдық құндылықтар шығыны нормаларын, айналым қаражаты мен өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту бойынша жұмысты жүргізеді.
  • Ұйымның шаруашылық қызметтегі барлық участкелерінің материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу режимін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Жоғарғы органдарға экономикалық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруді уақытында ұсынуды бақылап отырады.
  • Қаржылық тәртіпті сақтауды, жоспарлы тапсырмалардың орындау барысын бақылауды қамтамасыз етеді, ұйым мен оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметтер нәтижелерін бағалау және кешендік экономикалық талдау жүргізулерді, ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану, жұмыс орындарын рационалдау мен аттестациялау өткізу бойынша іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және экономикалық жұмыстың басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс;
  • Экономикалық қызметтің тиісті түрлерін дамыту бағытын белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Ұйымдарда экономикалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар, ұйымдар құрылымының ерекшеліктері және мамандануы, бейіні, ұйымдардың өндірістік қуаты, ұйым өнімдерінің өндірістік технологиясының негіздерін білу;
  • Ұйымның әлеуметтік және өндірістік-шаруашылық қызмет жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі, ұйымдарды басқарудың экономикалық әдістері, ұйымдарда жоспарланған жұмыстарды ұйымдастыру, жаңа өнімдерді, техникаларды, технологияларды, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды, еңбекті ұйымдастыру бойынша іс-шараларды енгізуден экономикалық тиімділікті есептеу тәртібін білу,
  • материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін әзірлеу тәртібін білу;
  • шаруашылық шарттар жасау және орындау тәртібі, экономикалық қызметтің тиісті түрлерінің отандық және шетелдік техникалары мен ғылыми жетістіктері және озат ұйымдардың экономикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру саласындағы тәжірибелері болу;
  • еңбек және басқару, өндірісті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу.

Жұмыс шарты:

ҚР еңбек шарты бойынша жұмыс істеу;
6 күндік жұмыс аптасы – сенбі жарты күн, жексенбі – демалыс;

Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;