«Ұлттық домбыра күні» – Өнер қайраткерлері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

2

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны жалпыұлттық деңгейде насихаттау және мәдени ұлттық бірлікті одан әрі нығайту мақсатында, ү.ж 1 шілде күні сағат 12:00-де «Қазақ елі» момументі алаңында, «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне арналған Елбасының қатысуымен жалпыхалықтық домбырада күй тарту іс-шарасы өтеді.
Осыған байланысты бүгін Астана қаласы, «Қазмедиа» орталығында еліміздің бірқатар өнер қайраткерлері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті.
Баспасөз брифингінде Құрманғазы оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне қолдау білдіріп, аталған мерекеге Құрманғазы оркестрі ұжымының дайындығы туралы баяндады.