Күйші- композитор Жаппас Қаламбаевтың 110 жылдығына орай Құрманғазы оркестрі концерт берді

6c3aca42-3de9-4733-ad8a-02da9478ab40

Күйші- композитор Жаппас Қаламбаевтың 110 жылдығына орай Құрманғазы оркестрі концерт берді

Күйші-композитор, аты аңызға айналған тарихи тұлға Жаппас Қаламбаевтың 110 жылдығына арналған «Қорқыт сарыны» атты қобызшылар концерті 08 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында болып өтті.

Жаппас Қаламбаев – қазақтың қасиетті қобыз аспабының ел арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан, күйші Қорқыт пен Ықыластың өнерін жалғастырушы тұлға. Концертке: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі – Құндыз Қаламбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, ҚР Мәдениет қайраткері – Раушан Оразбаева, Республикалық конкурстардың лауреаттары:Айгерім Қарсақбаева, Ақайша Жұрбай, Мақсат Медеубек, Меруерт Ақанаева, Ерсейіт Алиев, Аятолла Тұрғанов, Азамат Жаханбек, Шынар Балтина, Ажар Еркебулановалар қатысып, өнерлерімен тыңдарман қауымды тәнті етті. Кеште Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентұров дирижерлік етті.

Сонымен қатар, еске алу кешінде ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Бауыржан Қарақызұлы министрдің арнайы құттықтау хатын табыстады. Кеш соңында әртістерге министр атынан ықылас гүлі ұсынылды.