Астанада баспасөз хатшыларына семинар-тренинг ұйымдастырылды

15c0d184-c18b-4900-96d8-c0501f223aaf

ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінде «Мемлекеттік ұйымдарды әлеуметтік желілерде дамыту» атты министрлікке бағынысты ұйымдардың баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренинг болып өтті.
Жиында медиа тренер, «Ең үздік баспасөз хатшы – 2018 жыл» иегері Ақерке Берлібай және танымал блогер Яков Федоров баспасөз саласы бойынша тренинг өткізіп, тиімді ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып спикерлерге алғысын білдірді және де баспасөз қызметкерлеріне алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.