Алматыда опера әншісі Айзада Капонованың жеке шығармашылық кеші өтті

52420887_2241659276107839_4328543898621181952_o

«Астана опера» театрының солисті, «Құрмет» орденінің иегері – Айзада Капонованың «Әнші бақыты» атты жеке концерті 20 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында болып кетті.

 Айзада Капонова  – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының солисті, «Құрмет» орденінің иегері және халықаралық байқаулардың лауреаты. Әнші он жылдан астам киелі сахнада өнер көрсетіп келе жатыр. Осы уақыт аралығында көптеген сахналық образдарды иеленген, оның ішінде А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсындағы – Ажар, М.Түлебаевтың «Біржан-Сара» операсында – Алтынай, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында – Жібек, Б.Қадырбектің «Қалқаман – Мамыр» операсында – Мамыр рөлі. Сонымен қатар, классикалық операда орындаушылығы: Дж. Верди «Травиата» – Виолетта, «Риголетто» – Джильда, Ж. Оффенбахтың «Гофман ертегілері» – Олимпия, В.А.Моцарт «Сиқырлы флейта» – түн патшайымы, Г. Доницетти «Лючия ди Ламмермур» – Лючия және т.б.

Концертке ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин және  Батыржан Мықтыбаев, республикалық байқаулардың лауреаты: Асел Рахымжан және т.б жеке солисттер қатысып, өнерлерімен тыңдармандарды тәнті етті.

Дирижерлік еткен – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Құрманғазы Оркестрінің бас дирижері – Абылай Тлепберген.