“Классика тербетеді” – Оркестр бас дирижерінің шығармашылық кеші

52987314_2244059729201127_1406437090329100288_o

Құрманғазы Оркестрінің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Абылай Тлепбергеннің Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Классика тербетеді» атты  шығармашылық кеші 22 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында болып өтті.

Концертте классика шеберлері  И.Бах, А.Вивальди, В.Моцарт, И.Штраус, А.Бочелли, Дж.Россини және т.б. танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Кеш қонақтары ретінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаев, елге танымал өнер қайраткерлері Болат Бөкенов, Динара Таубекова өнерлерімен халықты тамсандырды.

Бағдарламада  Э.Григтің “Утро”, “Ж.Бизе “Эскамильо”, М.Огинскийдің  “Полонез”, Дж.Россини “Вильгельм Тель”, И.С.Бах “Скерцо”, Шопен”Вальс №7″, А.Вивальди “Зима”, П.Чайковскийдің “Испанский танец” шығармасы  және тағы да басқа көптеген шығармалар орындалды.