“Білім орталығы” ашылды

чехова

Бүгін, Антон Чехов атындағы Орталық кітапханада Елбасы Н.Назарбаевтың “ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ” Жолдауы аясында және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында уақыт талабымен үндескен  «Білім орталығының» ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсімінде Құрманғазы оркестрінің директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңес мүшесі Нұрғиса Дауешов қатысып, орталық қызметіне сәттілік тіледі.