Бүгін Құрманғазы оркестрінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Достық», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің құрметті профессоры, абыз күйші Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» атты концерті өтті.
Концерттік бағдарлама қазақтың күй өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, тарихты күймен тәпсірлеп, танымды жырмен тасқындатқан тұлғаның жауһар туындыларынан құралды.