аманат 2
«Аманат» концерт-спектаклі
30.05.2019

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндері  Құрманғазы оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Аманат» концерт-спектаклі көпшіліктің сұрауы бойынша тағы да көрермен назарына ұсынылады.

Ерекше бағдарламалы концерт-спектакльдің  дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері – Абылай Тлепберген. Сценарий авторы – ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы – Ақзия Көлбаева. Қоюшы режиссер – актер Данияр Базарқұлов.

Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры, Абылай хан даңғылы, 38