Аманат
«Аманат» концерт-спектаклі
29.03.2019

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85-жылдығына орай, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Құрманғазы оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Аманат» концерт-спектаклі өтеді.

Поэзия, қойылым, ән, күй – барлығы –  концерт-спектакльдің бағдарламасында!

Дирижер – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері Абылай Тлепберген.

Өтетін орны: Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 38

Уақыты: 29 наурыз, сағат 18.30.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

8 (727)279-01-92, 87016126047