8
Ақтөбеде – “Жұбановтар әлемі” мәдениет орталығында концерт!
03.07.2018

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Сіздерді шілде айының 3-5 жұлдызында өтетін Құрманғазы оркестрінің концерттерінде асыға күтеміз! “Руxани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шара күй атасы Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығына арналады. Жобаны ұсынушы “Жұбановтар әлемі” мәдениет орталығы және Құрманғазы оркестрі! Үш күнге созылатын айтулы жоба аясында танымал фототілші Рафxат Халеловтің күй әлемінен сыр шертетін “Күй және күйші” атты фотокөрмесі өтеді. Келіңіздер, көріңіздер!