2
«Бірлігіміз жарасқан» атты Өзбекстан Республикасындағы концерттік бағдарлама
23.11.2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» Халықаралық жоба барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі Өзбекстан Республикасының Самарқанд, Ташкент қалаларына гастрольдік сапарға аттанды. Биыл Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастың орнатылғанына 25 жыл.
Ағымдағы жылдың 23-24 қараша күндері оркестр ұжымы өзбек халқы көрермендеріне «Бірлігіміз жарасқан» атты концерттік бағдарламаны ұсынатын болады.
23.11.2017 саг 16.00 Самарканд концерт залы.
24.11.2017 саг 19.00 Наурыз орталыгы.