3c5b0d4d-15ee-4a2a-b6ad-8970cf21dba4
«Классикалық музыка кеші»
22.02.2019

Құрметті өнер сүйер қауым!

 

Сіздерді Жастар жылы аясында ұйымдастырылатын «Классикалық музыка кеші» атты  Құрманғазы Оркестрінің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Абылай Тлепбергеннің жеке кешіне шақырамыз!

Концертте шетелдік И.Бах, А.Вивальди, В.Моцарт, И.Штраус, А.Бочелли, Дж.Россини сынды танымал композиторлардың шығармалары орындалатын болады.

Кешкілік дресс-код!

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 83, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі

Уақыты: 2019 жылдың 22 ақпаны, сағат 19.00-де.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

8 (727)279-01-92, 87024214118.