db8150eb-dded-4dec-a75d-97abb59033ed
“Қобыз сыры” концерті
19.04.2019

Құрметті өнер сүйер қауым!

Сіздерді Жастар жылы аясында ұйымдастырылатын «Қобыз сыры» атты Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты  Әсел Рақымжанның жеке кешіне шақырамыз!

Кеш қонақтары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Гүлнәр Жидилова; Халықаралық байқаулардың лауреаты – Ерлан Бақтыгерей және джаз орындаушысы – Александр Фишер.

Дирижер – Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тлепберген.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 83, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі

Уақыты: 2019 жылдың 19 сәуірі, сағат 19.00-де.

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:

8 (727)3900647, 8(701)6126047, 8(707)2091284