1996 жылы маусым айында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестріне жұмысқа әртіс қызметіне қабылданып, бүгінгі таңда қызметін жалғастыруда.
Камитова Жұмақыз Бекенқызы 1972 жылы 29 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бесмойнақ ауылында дүниеге келді.
1983-1991 жылдары А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ қобыз аспабына профессор Бисембаева Зере Бисембаевна класында білім алған.
1986 жылы А.Жұбанов атындағы конкурстан І орын жүлдегері атанды.
1991 жылы Қарағанды қаласында өткен Республикалық конкурсының ІІ орын жүлдегері атанды.
1991-1996 жылдары аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына профессор Бисембаева Зере Бисембаевна класында окыды.
1993-1996 жылдары Е.Үсенов басқарған ансамблінде қобызшы ретінде қызмет етеді.
1996 жылы Дина атындағы конкурсында грамотамен марапатталды.
1996 жылдын маусым айнан бастап қазіргі таңға дейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптары оркестрінің 1 қобыз тобынын артисі қызметінде.
2017 жылы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелтісімен марапатталды.