⚜️29 ақпан күні сағат 19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойы аясында Ұлттық оркестр концертмейстерлерінің жаңа бағыттағы шоу концерті өтеді. Концертте Құрманғазы оркестрінің концертмейстерлері өнер көрсетеді.
✨Концерттік бағдарламада классиктердің шығармалары, сондай-ақ елімізге танымал Кенжебек Күмісбеков, Ермұрат Үсеновтің және басқа да өнер майталмандарының туындылары кеңінен ұсынылады.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Батыржан Мықтыбаев.
Оркестрдің басдирижері – Абылай Тілепберген.
Дирижерлар – Жексен Айсын, Нарын Қажығали.