1996 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің негізгі құрамына жұмысқа қабылданған.
2002 жылы домбыра контрабас тобының концертмейстрі қызметіне тағайындалған.
2014 жылдан бастап домбыра контрабас тобының концертмейстері көмекшісі қызметін атқарып келеді.
Әлімжанов Бауыржан Әлімжанұлы 1972 жылы, қаңтардың 19-ы, Алматы облысы, Панфилов ауданында Үлкен шыған ауылында қарапайым отбасыда дүниеге келген.
Үлкен шыған орта мектебінде 8 жылдық білім алып, 1987 жылы аяқтады.
1987 жылы Талдықорған қаласындағы Қаныбек Байсейітов атындағы музыка училищесіне домбыра мамандығы бойынша оқуға қабылданды.
Аталған оқу орнын 1991 жылы ойдағыдай аяқтап шығып. Сол жылы Талдықорған қаласындағы Илияс Жансүгіров атындағы педагогикалық институтқа оқуға түсіп,кейіннен Алматы қаласындағы Алматы мемлекеттік Абай атындағы университеттің музыка факультетіне ауысып,оқуды осы оқу орнында домбыра класынан профессор Ысқақов Біләл Алпанұлынан дәріс алды.
1995 жылы факультеттің жабылуына байланысты мезгілінен бұрын оқу орнын музыка мамандығы бойынша жоғары білімді диплом алды
1996 жылы Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің негізгі құрамына жұмысқа қабылданды.
Оркестрде жұмыс атқара жүре көптеген халық композиторларының күйлерін жатқа домбырада ойнап, професионалдық денгейімді одан әрі шыңдай түстім,және де майталман добырашылармен араласып, көптеген сабақ алды.
1999 жылы оркестрдің бас дирижёрі Айтқали Жайымовтың кеңесімен домбыра контробас тобына ауыстым
Оркестрде істей журіп,көптеген Қазақстанның қалаларында және алыс жақын шет елдерде қазақтың өнерін танытып гастрольдік сапарда болды. Атап айтсақ: Қытай, Ресей, Башқортстан, Татарстан, Италия, Америка құрама штаты, Франция, Германия, Түркия, Украина, Австрия т.б. елдерде жоғары деңгейде өнер көрсетті.
2002 жылы конкурс комиссиясының шешімімен мені домбыра контробас тобының концертмейстрі қызметіне тағайындалды.
2004 жылдың қазан айында оркестрдің 70 жылдық мерейтойына мені Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесім үшін Құрмет грамотасымен Министр Е.Қосыбаев марапатталды.
Қосымша марапаттары: Құрмет грамотасы Алматы профсоюз комитеті «Руханият» төрағасы — В.Курочкин. 10 қазан.2004 жыл.
2015жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына Құрманғазы оркестрінің және 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтой аясына қазақ өнеріне сіңірген еңбегім үшін берілген Алғыс Хат. Оркестр директоры — Н.М.Дауешов құттықтауы.
2014 жылы өткен конкурс комиссиясының шешімі бойынша домбыра контробас тобының концертмейстерінің көмекшісі қызметін атқарып келеді.
Құрманғазы оркестірінің ұйғаруы бойынша 2017 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі мені «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2018 жылы өткен конкурс комиссиясының шешімі бойынша домбыра контобас тобының концертмейстерінің қызметін атқарып келеді