Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің басшысы Медет Ермекқалиұлы және оркестрдің көркемдік жетекшісі Батыржан Мықтыбаев «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында қонақ болды.
🔸Бағдарлама тілшісімен болған сұқбат барысында оркестрдің ұйымдастырғалы отырған айтулы шаралары және Құрманғазы оркестрінің 90 жылдық мерейтойы аясында әңгіме өрбіді.
🔹Оркестр директоры 5 қазан Құрманғазы оркестрінің 90 маусымының ашылуы ауқымды деңгейде атап өтілетінін және 9-14 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы XII Республикалық конкурсы ұйымдастырылатынын айтты.