2001 жылдан қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінде екінші қобыз тобының концертмейстері лауазымында қызмет етеді.
Мирбекова Дина Капаровна, 1978 жылы 8-ші шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді.
1985 ж. К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық орта мамандырылған музыка мектеп-интернатына Шілдебаева Ғ.А. қобыз класына түсті. Мектепте оқып жүрген кезімде әр-түрлі республикалық байқауларға қатысып, бірнеше рет лауреат атанған.
1996 жылы мектепті бітіріп, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, ҚР халық артисі Молдакәрімова Ғ.А. қабыз класында оқуын жалғастырды.
2001 ж. консерваторияны үздік «қызыл дипломмен» бітіріп Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестріне жұмысқа қабылданды. 2002ж. оркестрде болған ашық конкурсқа қатысып, өз өнерімді көрсетті. Нәтижесінде, ІІ топ қобызшыларының «концертмейстер» лауазымына тағайындалған. Оркестр артисі ретінде Қазақстан және шет ел бойынша бірнеше гастрольдік сапарда болды (АҚШ, Франция, Италия, Австрия, Ресей т.б.). Әйгілі, әлемдік деңгейдегі сахналарда өнер көрсетті (Карнеги Холл, Концерт Хаус, Кеннеди центр, Колонный зал т.б.)
Қазақстанда бірнеше рет Үкіметтік деңгейдегі концерттерге қатысқан. Оркестрмен бірге компакт-диск шығарылымына қатысты. Осы ұжымда Ш.Қажғалиев, Ф.Мансұров, Р.Бағланова, Е.Серкебаев, Н.Нүсіпжанов, А.Дінишев секілді өнер иелерімен жумыс істеуге сәті тиген.
2012 ж. мен тұрмысқа шығып, екі баланың (2016ж. және 2017ж.) анасы атанды. Өкінішке орай, жолдасы 2019 ж. қайтыс болды.
Оркестрде жұмыс істеген кезеңде оркестрден, ҚР президентінен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен бірнеше рет әртүрлі грамоталармен марапаттанды. 2021ж. «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды. 2023 ж. Республика күніне орай ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі Арман Жүдебаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталған.
Қазіргі кезде, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық оркестрінде ІІ топ қабызшыларының «концертмейстер» лауазымында қызмет атқарып жүр