Ұлттық оркестрдің «Оркестр түні» жобасы – еліміздегі қазақ оркестрлерінің арасындағы алғашқы жоба. Кеште шаһар көрермендері үшін әлемнің ең үздік шығармалары орындалды. Құрманғазы оркестрі классикалық және қазақ күйлерінен жинақталған туындыларды орындау арқылы әлемдік мәдениеттің игі дәстүрлерін сақтауға және жеткізуге тырысады.
🎷Құрманғазы оркестрінің көп күттірген «Оркестр түні» жобасы биыл да жоғары деңгейде өтті. Концертте Рүстем Нұржігіт, Алашұлы тобы, Қазақстан дауысы жобасының қатысушысы Толғанай Пазылақын және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік үрлемелі аспаптар оркестрі, Мәдениет саласының үздігі Әсел Әлімбаева, Халықаралық конкурстардың лауреаты Ажар Еркебұланова өнер көрсетті.
📀Құрманғазы оркестрінің негізгі бағыты — сапалы кәсіби музыканы халыққа қол жетімді ету арқылы қайталанбас музыкалық бағдарламалар ұсыну. Осы орайда, оркестр ұжымы көрермен қауымға жаңа жобаларды ұсынуда. Бүгінгі концертте орындалған әр туынды — әлемдік шығармалардың ішіндегі шоқтығы биік туынды деуге әбден болады.