🏫16 мамыр күні сағат 20.00-де Республика сарайында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Ұлттық оркестрдің «Оркестр түні» жобасы ұйымдастырылмақ. Құрманғазы оркестрінің жеке брендіне айналған аталмыш кештің ерекшелігі әлемдік танымал хит туындыларды және әдемі әндерді оркестрдің сүйемелдеуімен еліміздегі алдыңғы қатарлы өнер жұлдыздарының орындауында тыңдай аласыздар.
🎆Кеш қонақтары ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Толғанай Пазылақын, Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты Диана Исмаил, Фархат Кубиев, Асхат Үрпеков, ҚҰК үрмелі аспаптар оркестрі (жетекшісі Мұрат Бисенғалиев), ҚҰК студенттік хоры (жетекшісі Ян Рудковский), А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық музыка мектебінің виолончелистер ансамблі (жетекшісі Ақмарал Емреева);
🌌Концертте Мәдениет саласының үздіктері Әсел Әлімбаева, Әсел Жылқышинова, Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты Әсел Рақымжан өнер көрсетеді.
🎶Әлемдік хиттер кешінен қапы қалмаңыздар!
🎶Біз сіздерді күтеміз!