БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
🔸Қайырлы күн, құрметті оқырман! Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Қуанышев Медет Ермекқалиұлы, бас дирижер Тілепберген Абылай Жанболатұлы, оркестр артисі Әсел Рақымжан Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен
Ұлттық оркестрдің маусымашар концертіне орай өткен баспасөз конференциясында бақ өкілдерінің тарапынан қойылған сан алуан сауалдарға жауап берді.
🔹Конференция барысында Құрманғазы оркестрінің 90 маусымашар концертіне қатысты және 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылатын шаралар аясында сөз қозғалды.
✅90 маусым жаңалығы
✅ Маусымашар концерті
✅Маусым ерекшелігі
✅Репертуардағы өзгерістерге қатысты бақ өкілдерін қызықтырған бірқатар сұрақтарға спикерлер тоқталып өтті.