Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай, Құрманғазы оркестрінің бірнеше қызметкері алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Атап айтар болсақ, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрайымы Данагүл Мұхамедкерімқызы Құрманғазы оркестрінің әртістері мен әкімшілік қызметкерлеріне арнайы марапаттарды табыстады.
Сондай-ақ, өнер саласында үздіксіз тер төгіп, қаланың мәдени өміріне елеулі үлес қосып жүргені үшін оркестр қызметкерлері Алмалы аудандық әкімдігі тарапынан марапатқа ие болды.
Еңбегі еленіп, алғысқа бөленген әріптестеріміз — Бейбарыс Хамзин, Гүлбақыт Сенбиева, Ляйля Мазова, Мейрамбек Қонысбеков, Қарлығаш Бекбергенова және Рафаэль Битешовты ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!